«ИКС ХОЛДИНГ ҚАЗАҚСТАН» (ICS HOLDING QAZAQSTAN) – 2019 жылдың күзінде «ИКС Холдинг» көпсалалы ақпараттық технологиялар тобы мен CyberSystems, CyberGate қазақстандық компанияларының серіктестігі нәтижесінде құрылған қазақстандық бизнес флагмандары мен мемлекеттік органдардың технологиялық серіктесі. «ИКС Холдинг» экожүйесіне Ресей және басқа да шет елдерде орналасқан 30-дан аса компания кіреді, онда бүгінде 6 000-нан аса кәсіпқой маман қызмет етіп келеді.
2019 жылдың желтоқсанында «ИКС Холдинг Қазақстанның» басшылығымен халықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub негізінде ICS Tech технологиялық университеті ашылды. Мақсат – студенттерге техникалық мамандықтар бойынша білім беру және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жеке кадрларды даярлау. Жас мамандар төрт басым бағыт бойынша білімін толықтыра алады: заттар интернеті (IoT), ақпараттық қауіпсіздік, ірі деректер және жасанды интеллект.

Холдинг нақты сандармен
+
+
Біздің миссиямыз – еліміздің ғылыми-технологиялық жағынан дамуын және экономикамыздың цифрлануын қамтамасыз ету. Біз ақпараттық қауіпсіздік, байланыс операторларының қызметін қолдау салаларымен қатар, ірі деректермен жұмыс, деректерді сақтау жүйелерін жасау, криптография, машиналық оқыту, блокчейн технологиялары, сондай-ақ, жасанды интеллект бағыттары бойынша маманданғанбыз.
БАСЫМ БАҒЫТТАР: