Жаңалықтар ИКС Холдинг «ИКС Холдинг Қазақстан» Ақпараттық технологиялар өндірушілері мен ақпараттық байланыс субъектілері Одағының мүшесі атанды «ИКС Холдинг Қазақстан» Ақпараттық технологиялар өндірушілері мен ақпараттық байланыс субъектілері Одағына кірді. Одақ Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған, ондағы мақсат – нарыққа тың жоба ұсына алатын отандық IT-қауымдастықтардың бірыңғай платформасын құру. Бүгінде Одақ инфокоммуникациялық қызмет, сертификаттау, компьютерлік технологиялар мен түрлі жабдықтарды өндіру бойынша маманданған онға жуық ірі компанияны біріктіреді.
Жаңалықтар Қазақстандық кәсіпкерлер Криптонит Startup Challenge-де бақ сынаспақ «ИКС Холдинг Қазақстан» технологиялық серіктесі – Астана Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірігіп, қазақстандық IT-таланттарды жыл сайын «Криптонит» инвестициялық компаниясының ұйымдастыруымен өтетін стартап-сайысқа шақырады.
Жаңалықтар Кометрика Конференциялар «Кометрика» Astana Hub-тағы ICS Tech-те баяндама жасады 19 қарашада «Кометрика» компаниясының блокчейн құзыреттіліктері орталығының жетекшісі Николай Гюнтер «ИКС Холдинг Қазақстанның» еншілес ұйымы ICS Tech ұйымдастырған «Блокчейн технологияларын өзекті қолдану» вебинарының қонағы ретінде сөз сөйледі. Іс-шара Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технологиялық паркі базасында өтті.
Жаңалықтар ИКС Холдинг Өнімдер Жұмыс орындарында қашықтықтың сақталуын жасанды интеллект қадағалайтын болады «ИКС Холдинг Қазақстан» және «Қазақтелеком» карантин уақытында қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалайтын платформаны алғашқы сынақтан өткізді.
Жаңалықтар ИКС Холдинг Технологиялар «ИКС Холдинг Қазақстан» жас IT-мамандарды даярлаумен айналыспақ «ИКС Холдинг Қазақстан» Astana Hub базасында ICS Tech технологиялық университетін құрды, оның басты мақсаты – технологиялық мамандықтар бойынша жас мамандарды даярлау және «Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру үшін жеке кадрларды қалыптастыру. Студенттерге білім беру төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: заттар Интернеті (IoT), ақпараттық қауіпсіздік, үлкен деректер және жасанды интеллект.
Жаңалықтар ИКС Холдинг Келісімдер «ИКС Холдинг» Қазақстан нарығына шықты «Интеллектуалды компьютерлік жүйелер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ИКС Холдинг») қазақстандық CyberSystems және CyberGate компанияларымен серіктестігі нәтижесінде «ИКС Холдинг Қазақстан» (ICS Holding Qazaqstan) бірлескен кәсіпорнын құрғаны туралы жариялады. Компания 2019 жылдың 28 қарашасында республика астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «ИКС Холдинг» және «Қазақтелеком» АҚ серіктестігі нәтижесінде ұйымдастырылған «Қазақстандағы BIG DATA: жаңа мүмкіншіліктер» атты конференциясы аясында таныстырылды.