«ИКС Холдинг Қазақстан» Ақпараттық технологиялар өндірушілері мен ақпараттық байланыс субъектілері Одағының мүшесі атанды

«ИКС Холдинг Қазақстан» Ақпараттық технологиялар өндірушілері мен ақпараттық байланыс субъектілері Одағына кірді.
Одақ Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған, ондағы мақсат – нарыққа тың жоба ұсына алатын отандық IT-қауымдастықтардың бірыңғай платформасын құру. Бүгінде Одақ инфокоммуникациялық қызмет, сертификаттау, компьютерлік технологиялар мен түрлі жабдықтарды өндіру бойынша маманданған онға жуық ірі компанияны біріктіреді.
Нарық көшбасшыларын шоғырландырумен қатар бірлестік техникалық реттеу, стандарттау, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары және мемлекеттік, квазимемлекеттік секторлардағы сатып алулар, мемлекеттік қаржылық қолдау шараларына қол жеткізу және кадрлық қамту сияқты сұрақтарды реттеуді алдына міндет қойып отыр.
«Біздің бизнесіміз күннен-күнге қарқынды дамып келеді және біз үшін индустрияның даму векторын айқындайтын үздіктердің қатарынан орын алу маңызды. Біз Қазақстанның технологиялық және цифрлық трансформациясына тиімді атсалысуға мүмкіндік тудыратын алаңның мүшесі атанғанымызға қуаныштымыз»
Данияр Тойчибеков, «ИКС Холдинг Қазақстан» компаниясының бас директоры
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын одан әрі дамытуда үлкен әлеует бар. Осыған орай, ең алдымен, біз ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, сонымен бірге экспорттық әлеуетті арттыру үшін бірлескен жобаларды дамытуға ерекше мән беретін боламыз. Дәлірек айтқанда, жаңа IT-өнімдер мен шешімдерді, серверлерді, телекоммуникациялық, желілік жабдықтарды, деректерді өңдеу орталықтары мен арнайы жабдықтарды өндіру бағытында жұмыс жасау жоспарда бар»
Андрей Бычек, Ақпараттық технологиялар өндірушілері мен ақпараттық байланыс субъектілері Одағының басқарма төрағасы