Жаңалықтар ИКС Холдинг Конференциялар «ИКС Холдинг» «Қазақстандағы BIG DATA: жаңа мүмкіншіліктер» конференциясына қатысады Ресей IT-нарығының жетекші ойыншысы, 25-тен астам активті біріктіретін «ИКС Холдинг» көпсалалы технологиялық компаниясы «Қазақстандағы BIG DATA: жаңа мүмкіншіліктер» халықаралық конференциясына қатысады. Салалық іс-шара 2019 жылғы 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жиынға қатысушылар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Қазақтелеком» АҚ, Astana Hub және «ИКС Холдинг» компанияларының өкілдері – Қазақстандағы ІТ-нарықтың жағдайын, халықаралық өндірушілердің өнімдерін локализациялау және жаңа технологияларды ірі бизнесте қолдану мүмкіндіктерін талқыламақ.